Қарин Парламент сайлауындағы басты 10 ерекшелікті атады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы кезектен тыс Парламент сайлауындағы басты 10 ерекшелікті атады. Оның айтуынша, біріншіден, 18 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. Үміткерлер партияның немесе басқа да ұйымның атынан ғана емес, өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші «науқанның өтетіндігі туралы жарты жыл бұрын, яғни ертерек белгілі болғанына тоқталды. Бұдан бөлек, партиялар Парламентке өту үшін бұрынғыдай 7 пайыз емес, 5 пайыз дауыс жинауы тиіс. Ал әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандардың Парламенттегі үлесі бұрынғыша кемі 30 пайыз болуы керек.

Жұма, 20 Қаңтар 2023, 19:48

Соңғы шығарылымдар