Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде, 19 наурызда өтетін болды. Ал кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанға дейін жалғаспақ. Төменгі палата депутаттарын сайлау қандай тәртіпте жүзеге асады? Мәжіліс немесе мәслихатқа кімдер депутат бола алады? Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысқан әріптесім Аягөз Тұрсынбайдың материалында.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы кезектен тыс Парламент сайлауындағы басты 10 ерекшелікті атады. Оның айтуынша, біріншіден, 18 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. Үміткерлер партияның немесе басқа да ұйымның атынан ғана емес, өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші «науқанның өтетіндігі туралы жарты жыл бұрын, яғни ертерек белгілі болғанына тоқталды. Бұдан бөлек, партиялар Парламентке өту үшін бұрынғыдай 7 пайыз емес, 5 пайыз дауыс жинауы тиіс. Ал әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандардың Парламенттегі үлесі бұрынғыша кемі 30 пайыз болуы керек.
Англия көзден бұлбұлдай ұшты. Алматыдағы бір топ азамат тұманды Альбионға оқуға аттанамыз деп оңбай алданған. Қыруар қаражатты санап беріп, соңында не оқу, не ақша жоқ, сандалып қалдық дейді. Тақырыпты толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Пятница, 20 января 2023, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.