Олигарх Қайрат Боранбаев ісі бойынша журналистерге сот отырысынан ақпарат таратуға тыйым салынды. Сот процесі ашық форматта өтіп жатқандықтан, отырыстан мәлімет жариялауға рұқсат берілген еді. Алайда кей журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі видеолар таратқан. Монтаждау арқылы оған субтитр қойылған. Сот ескеруінен кейін материал өшірілді. Куәгерлер соттан өзінің жеке деректері мен сот процесінде берген жауаптары ақпарат құралдары беттерінде жарияланбауын сұраған. Сол себепті судья сот отырысында аудио-видео түсіруге тыйым салды.
Понедельник, 23 января 2023, 19:38
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.