Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы жемқорлықпен ұсталды

Қорғаныс министрлігінде департамент басшысының міндетін атқарушы ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен белгілі болды. Күдікті ақпараттандыру саласына жауапты бөлімге жетекшілік еткен. Хабрламада жазылған ақпаратқа сенсек, ол бейнебайланыс жабдығын жеткізу мерзімін бұза отырып, қабылдау-тексеру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін тапсырысты орындаушыдан 20 мың доллар пара алған көрінеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қорғаныс министрлігі мәліметті растап отыр.

Дүйсенбі, 23 Қаңтар 2023, 19:39

Соңғы шығарылымдар