АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 23.01.2023

Бүгін шетелдік көлік иелері көлігін ресми түрде заңдастыруға кірісті. Жүргізушілер өтінішті онлайн форматта бере алады. Электрондық үкімет порталы мен e.Gov мобильді қосымшасы да үздіксіз жұмыс істеп тұр. Соның өзінде темір тұлпарын заңдастыру үшін ХҚКО-ға арнайы барған жүргізушілердің қарасы көп.

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан «Яндекс.Такси» сервисінің жүргізушісі көз жұмды. Куәгерлер оның көлігі сынып, жол ортасында тоқтағанын айтады. Бірнеше көлік қатысқан жол-көлік апатынан тағы төрт адам зардап шекті. Жол апатына кім кінәлі? Такси жүргізушісінің жауапсыздығы себеп болуы мүмкін бе? Жалпы жолаушылардың қауіпсіздігіне қаншалықты мән беріледі?

Жақында ғана ресми тіркелген «Respublika» партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады. Орталық сайлау комиссиясы алдағы саяси додада депутаттық мандатты сарапқа салатын партиялар тізімін жариялады. Бірақ бұл тізім әлі өзгеруі мүмкін. Сонымен бұл жолғы сайлау тағы несімен ерекшеленеді? Халықтың науқанға қатысты көзқарасы қандай?

Дүйсенбі, 23 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар