Жеңілдетілген автонесие беру қайтадан қолға алынды

Темір тұлпар тізгіндеймін деп жүргендерге сүйінші жаңалық. Үкімет су жаңа көлік алу үшін 10 млн теңге көлемінде автонесие беруді қайтадан қолға алды. Санаулы күннен соң жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады. Алайда министрлік өтінім беру тәртібіне өзгерістер енгіземіз деп отыр. Сондай-ақ жеңілдетілген автонесие қымбат көліктерге қарастырылмағанын шегелеп айтты. Темір тұлпардың құны да 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Ал кезекке тұрып көлікті күту мәселесі өзгеріссіз қалады. Кей маркалы машиналарды халық екі жылдан бес жылға дейін күтуіне тура келеді.

Вторник, 24 января 2023, 19:44

Соңғы шығарылымдар