Бас прокуратура өмір бойы бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың шағымын қарап жатыр. Оның ісі соттан қайта сұратылды. Өкілетті орган мәселені жіті зерттегеннен кейін оқиғаға тиісті баға берілетінін жеткізді. Еске салсақ, Владислав Челах 2012 жылы Арқанкерген бекетіндегі 14 шекарашы мен бір қорықшының өліміне кінәлі деп танылған. Жазасын Жітіқарадағы «Қара бүркіт» колониясында өтеп жатқан Челах тергеуді жалғастыруды сұрап, Президентке арызданған болатын.
Среда, 25 января 2023, 19:35
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.