АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 25.01.2023

Бүгін «Жаңа Қазақстанның» су жаңа сенаторларына төсбелгі мен депутаттық құжат табысталды. Енді Мәжіліс сайлауы өткенше жоғарғы палата заң қабылдайтын болады. Парламенттегі жаңа есімдер халыққа қандай уәде берді?

«Жаңа Қазақстанның» депутаттары қандай болуы керек? Мәжілістің 8-шақырылымынан халық кімдерді көргісі келеді? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл жұртпен тілдесіп көрді.

Таразда жаңа туған сәбиді сатпақ болған медицина қызметкерлері қылмыс үстінде ұсталды. Олар өз қызметін 1,5 млн теңгеге бағалап, «Тірі тауарды» алушыларға жеткізіп берген. Прокурорлардың айтуынша, нәрестенің биологиялық анасы баласынан бас тартып, сәбиін саудаға салған.

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар