AIBAT қорытынды жаңалықтар | 02.02.2022

«Мешіт – үйдің қасындағы аядай аумаққа салынбауы тиіс». Нұр-Сұлтандағы бір топ тұрғын, баспана маңына салынатын құрылысқа наразы. Айтуларынша, ғимарат тұрғызылса, үйлері құлап қалуы мүмкін.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлік картасын енгізу керек деген ұсыныс айтты. Оның айтуынша мұндай жүйе қазір АҚШ-та бар, ал Ресей жақында енгізуді жоспарлап отыр екен.

Депутаттар халықтың басым бөлігі сіңір кедей екенін айтып жатса, шенеуніктер гламур өмірлерімен бөлісіп, жұрттың қытығына тиіп жатыр. Брендті сөмкелері мен шетелдегі өмірімен мақтанған Айнұр Серғазиеваны әлеуметтік желідегі белсенділер жерден алып, жерге салып жатыр. 30 жастағы қыз екі күн бұрын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Сәрсенбі, 02 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар