Депутаттар халықтың басым бөлігі сіңір кедей екенін айтып жатса, шенеуніктер гламур өмірлерімен бөлісіп, жұрттың қытығына тиіп жатыр. Брендті сөмкелері мен шетелдегі өмірімен мақтанған Айнұр Серғазиеваны әлеуметтік желідегі белсенділер жерден алып, жерге салып жатыр. 30 жастағы қыз екі күн бұрын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Елімізде аста-төк өмірін көрсетіп, елдің ашуына тиген өзге де шенділеріміз жайында әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.
Среда, 02 февраля 2022, 23:08
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.