AIBAT қорытынды жаңалықтар | 04.02.2022

Жамбыл облысында 60-тан астам шаруа Райыс каналының үшінші жылға жалғасқан құрылысына қарсы. Себебі, арнаның  құрылысы сыр бергендіктен бетон қабырғалары құлап қалған. 3 жылдан бері егініміз қурап, шығынға ұшырап келеміз деген шаруалар мәселесін әріптесіміз Данияр Әлімқұл тыңдап қайтты.

Елімізде казино, букмекер, лото ойындарына құрбандары дендеп барады. Бірі – қарызға белшеден батып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барса, енді бірі – адам сенгісіз ауыр қылмыс жасап жатыр. Қоғам белсенділері қоғамды бұндай азғындардан құтқару үшін әр жерде жарнамаланған букмекерлерлік кеңселерді жабуды талап етіп отыр. Әріптесіміз Айя Мүтәлі соңғы тиынына дейін санап беріп, артынан дымсыз қалған ойынқұмарлармен тілдесіп көрді.

Арман Жұмагелдиев батыр ма, қарақшы ма? Оның қаңтар қақтығысындағы рөлі қандай?  Біз бұл сауалдарды запастағы полковник, ұзақ жылдар Алматы қаласы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында қызмет еткен Рустам Мырзабаевқа қойған едік. Жауабын тыңдап көрейік.

Жұма, 04 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар