Таразда қаңтардағы қақтығыстан соң тергеуге алынғандардың аналары араша сұрайды. Ресми мәліметке сәйкес, шаһарда шеруге шықты деген күдікпен кәмелетке толмаған 8 жасөспірім істі болып жатыр. Ал оның әділ тергелуін талап еткен ата-аналар изоляторда балаларын азаптап жатқанын айтады. Тараптарды әріптесіміз Данияр Әлімқұл тыңдап келді.
Мәжіліс депутаттары абақтыда арқасы үтікпен күйдірілген Батырбаевтан «жасаған ісіңізге өкінесіз бе?» деп не үшін сұраған? Бұл сауалдың жауабын халық қалаулыларының өзіне қойдық. Ал Азаматтың адвокаты тергеушілер ұқсап сұрақтың астына алған депутаттардың үстінен арызданамын дейді. Тараптардытыңдап келген әріптесіміз Айя Мүтәлінің материалы.
«Берілген мәтінді пафоспен жеткіз.» Ұстаздар оқушыларға осындай талап қоюға мәжбүр. Бұл мұғалімдердің өздері ашқан жаңалық емес, оқулықтарда берілген тапсырманың сиқы осындай. Жаңа тарауды өткен сайын ата-аналар кітаптағы қателіктерді желіге жариялап неге шыр-пыр болады? Әріптесіміз Айбек Қосан айтсын.
Понедельник, 07 февраля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.