AIBAT қорытынды жаңалықтар | 08.02.2022

Қаңтар қасіретінің ең басты себебі – жұмыссыздық. Елдегі қымбатшылық, білімсіз жастардың бұлыңғыр болашағы, халықты көшеге алып шықты. Бүгін Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің отырысында толқулардан кейінгі қолға алынатын бастамалар мен өзгерістер айтылды. Толығырақ әріптесіміз Айбек Қосанның материалында.

Нұр-Сұлтанда 73 жастағы қарт ана далада қалуы мүмкін. Зейнеткердің баспанасын осыдан 6 жыл бұрын лицензиясынан айырылған Казинвестбанкі тартып алмақ. Қаржы ұйымы мұндай арсыздыққа не үшін барып отыр? Тараптарды тыңдап қайтқан әріптесіміз Айя Мүтәлінің материалында.

Қарағандыда салынғанына  бір жыл да болмаған 9 қабатты тұрғын үйге қатысты дау шықты.  Жеке құрылыс компаниясына  бар қаражатын құйып, пәтер алған 100-ге жуық адам  сыз тартқан ылғал ауамен тыныстауға мәжбүр. Ауа алмастырып тұратын құбырдың істен шығуы салдарынан сырттағы суықжел үздіксіз пәтер  ішіне үріп тұрады екен. Наразы топтың шағымын әріптесім Азамат Серікхан тыңдап қайтты.

Елордалық қарт ана 40 жастағы ұлын ауру қылғандар жазасыз жүр деп күйінеді. Ғалымжан Таңатаровты көлікпен қағып, оның басына зақым келтірген жүргізушінің үстінен қылмыстық іс те қозғалмаған. Әділдік іздеп, етегі жасқа толған анамен әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тілдесіп қайтты.

Сейсенбі, 08 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар