AIBAT қорытынды жаңалықтар | 09.02.2022

Бүгін әлеуметті Тараздағы «Персик» есімді иттің өлімі шулатты. Себебі, иті оққа ұшқан блогерге Бердібек Сапарбаев басу айтып, шенеуніктерге ұрсып берген.  Белсенділер қаңтар қақтығысы кезінде қырылып қалғандар ит құрлы болмады деп, облыс әкімін сынға алды. Дауға ұласқан ит өлімі жайында толығырақ әріптесіміз Данияр Әлімқұлдың материалында.

Эко-белсенділер кіші Талдыкөлде құны миллиард тұратын саябақ ашылады дегенге сенбейді. Себебі, құрылыс компаниясы заңға бағынбай, аумақты көму жұмыстарын әлі жалғасып жатыр. Ал Нұр-Сұлтан әкімдігі болса, кіші Талдыкөлге қатысты құжаттың бәрі енді құпия сақталады дейді. Әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жеңілдетілген автонесие туралы айтқанда көптің үміті оянды. Бірақ, бүгін автосалондарға хабарлассақ, сатылымда самсап тұрған отандық авто жоқ болып шықты. Автосарапшы Эуард Эдоков, несиелеу бағдарламасы басталғанның өзінде сұранысты толық қамту мүмкін болмайды деп болжады.

Сәрсенбі, 09 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар