Қарағандыда екі мың халық тұратын ауылды тұтастай су шайып кетуі мүмкін. Себебі елдімекен жанындағы күл төгу полигонын қазу кезінде құрылысшылар өзеннің екі бірдей арнасын бұрып жіберген. Салдарынан су деңгейі күн сайын артып, оның ағысы ауылға қарай беттеп келеді. Тасқыннан қорыққан жұрттың жайын әріптесіміз Азамат Серікхан білді.
Ішкі істер министрлігінің кей өкілдері тұрғындарды ұстау,тергеу барысында Қазақстанның заңы түгілі, халықаралық нормаларды да белден басты. Күдіктілердің арқасын үтікпен күйдіру, тырнағының астына ине тығу дегеніңіз, барып тұрған азаптаудың анық көрінісі. Белсенділер осылай дейді. Бүгін елордада «Аманат» комиссиясы тергеу изоляторларында қандай жағдай болып жатқанын баяндап берді. Абзал Құспан бастаған топты әріптесіміз Айбек Қосан тыңдап қайтты.
Астанада жүз отбасының қақаған қыста далада қаңғып қалу қаупі бар. Осы уақытқа дейін қалың жұртқа пана болған отбасылық жатақхананы меншік иесі ешкімге ескертпестен сатып жіберген. Басқайғыға айналған баспана зары әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай материалында.
Пятница, 11 февраля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.