AIBAT қорытынды жаңалықтар | 14.02.2022

Ресей Украинаға басып кіреді деген қауіп күшейіп келеді. АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға ақпанның 16-да шабуылдауы мүмкін деген. Алайда Кремль бұны негізсіз дүрлігу деп отыр. Үрей күшейген сайын, Украинадан байлар мен шетел азаматтары үдере көшіп жатыр.  Әріптесіміз Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Үстіне үтік басылып, қамауда қорлық көрген Азамат Батырбаевты азаптағандар қашып кетуі немесе тіпті әлі де қызметте жүруі мүмкін. Мұны арнамызға адвокат Бауыржан Азанов мәлімдеді.

40 мың теңге. Нұр-Сұлтандағы бүтін бір көп қабатты үйдің тұрғындары коммуналдық қызметке екі есе қымбат ақша төлеп отырмыз деп шағымданды. Бағаны тұрақтандыруға әкімдік те қауқарсыз. Әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.

Дүйсенбі, 14 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар