Жаңа пәтердің құны 12 есе шарықтауына нарықтағы төрт-ақ құрылыс компаниясы кінәлі. Олар BI Group, Bazis – А, Nur Astana Kurylys пен G-Park. Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин осылай деді. Ірі компаниялардың аттарын атап тұрып көрсеткені нені білдіреді? Еліміздегі құрылыс нарығы кімнің қолында? Әріптесіміз Жалғас Зейнолла білді.
Төрт пайыздық несиемен көлік алу, табысы азық-түліктен артылмайтын халық үшін қаншалықты қолжетімді? Автокредит алған тұрғындар банкке ай сайын қанша қаржы төлейді? Әріптесіміз Айя Мүтәлі қаладағы автосалондардың біріне барып, нарықтағы бағаны біліп қайтты.
Тараз түрмесінде 10-нан аса жазасын өтеуші 20 күннен бері аштық жариялап жатыр. Олардың сөзінше, абақтыда сотталушыларды соққыға жығу әдетке айналған. Қысымға ұшырадық дегендер түрме ішінен телефонға түсірілген бейнеүндеу жолдады. Толығырақ әріптесіміх Данияр Әлімқұлдың материалында.
Вторник, 15 февраля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.