200 мың теңге айлық алып, 200 мың доллардың көлігін мінетін мемлекеттік қызметкерлердің тірлігін кім түсіндіреді? Қоғам оның сыры жемқорлықта десе де, оны тексеріп жатқандар шамалы. Енді оған жол бермейтін заң Парламентте қаралып жатыр. Шенеуніктердің басына шынымен бұлт үйіріле ме әлде бұл да қағаз жүзінде ғана бар заңға айнала ма? Әріптесіміз Жалғас Зейнолла тарқатады.
Асыраушысынан айырылған көпбалалы ана Президенттен көмек сұрайды. Индира Дәрібаева осыдан 1,5 жыл бұрын күйеуінің өмірін қиған жол апатына қатысты іс жылы жабылып қала ма деп қауіптенеді. Сөзінше қайғылы жағдайға кінәлі шетел азаматын полиция қорғап отыр. Әділдік іздеген келіншекпен әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тілдесіп қайтқан еді.
Среда, 16 февраля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.