AIBAT қорытынды жаңалықтар | 17.02.2022

Президенттің тапсырмасымен халықпен кездесуге шыққан Мәжіліс депутаттары «Шарын» базардағы жұрттың жағдайын тыңдауға 30 минут ғана бөлді. Халықтың мұң-мұқтажын білуге бұл жеткілікті ме? Кездесуге әріптесіміз Айя Мүтәлі барып қайтқан еді.

Блогерлерді жалдап, кез-келген жердің имиджін көтеру – қалып бара жатқан әдіс. Халық ақ пен қараны ажырататын кезге жетті. Блогерлердің өзі осылай дейді. Себебі, кейбір жағдайда мұндай әрекеттер теріс эффект беріп жатыр. Ақпарат кеңістігін ластанудан қалай қорғамақ керек? Әріптесіміз Жалғас Зейнолла айтады.

Тараздық 500-ге жуық тұрғын, жертөлесі нәжіске толған көпқабатты үйде тұруға мәжбүр. Салдарынан, жапсарлас орналасқан екі баспананың бірі шайынды сулардың тоғанына айналса, екіншісі ескіріп, қабырғалары құлағалы тұр. Әкімдер назарынан ұмыт қалған халық талабын, әріптесіміз Данияр Әлімқұл тыңдап келді.

«Сіздер қазақ емессіздер!» Ауғанстанда Қазақстан елшілігінен көмек сұрап барған этникалық қазақтарды дипломаттар қабылдамай қойған. Ал қандастарымыздың жейтін тамағы жоқ, бір үзім нанға зар болып отыр. Қазақстаннан көмек сұраған қандастармен әріптесіміз Жансая Қапасқызы тілдесті.

Бейсенбі, 17 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар