AIBAT қорытынды жаңалықтар | 21.02.2022

Қорғаныс министрі қызметін жарты жыл ғана атқарған Мұрат Бектанов қамауға алынды. Экс-министрге Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік етті деген айып тағылған. Жамбылдағы жарылыстан кейін тағайындалған Қорғаныс министрінің қамауға алынуына не түрткі болуы мүмаін? Әріптесіміз Айбек Қосанның материалында.

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында мерт болған краншының өлімінен кейін комиссия құрылды. Ал, өзге жұмысшылар қауіпсіздік ережелері мүлде сақталмайды, біз де жазым боламыз ба деп алаңдайды. Астананың краншылары адам өліміне дейін бірнеше рет ереуілге шығып шырылдаған еді. Құрылыс алаңында қауіпсіздік неге жоқ? Әріптесіміз Айя Мүтәлі анық-қанығын білуге тырысты.

Қарағандыда әйгілі қылқалам суретшілерінің құнды картиналары жойылып кетуі мүмкін. Себебі 34 жылдық тарихы бар облыстық бейнелеуөнері музейі тозығы жеткен 12 қабатты тұрғын үйде  орналасқан. Басыбайлы ғимараты жоқ рухани орданың қазіргі күйін Азамат Серікхан көріп қайтты.

Дүйсенбі, 21 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар