AIBAT қорытынды жаңалықтар | 23.02.2022

Украина халқы соғыс болса, қарсы тұруға дайынбыз деп қолдарына қару алуда. Себебі Донбасстағы атыстар жалғасып жатыр. Ал Ресей Луганскпен Донецкті тәуелсіз деп мойындағаны сол еді, АҚШ бастаған біраз мемлекет санкцияларды жаудырып жатыр. Толығырақ Жансая Қапасқызының материалында.

Баламның өліміне дәрігерлерді айыптаймын. Осылай деп күйінген ана Әсима Уатаева әділдік іздеп Бас прокуратурадан көмек сұрайды. Сөзінше, 10 айлық нәрестесі Нұр-Сұлтан қаласындағы инфекциялық аурухана дәрігерлерінің салғырттығы кесірінен көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан анамен әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тілдесіп қайтты.

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа акула сойып ұлан асыр той жасады. Өнер иесі жыртқыш балықты Америкадан ұлдарының сүндет тойы үшін арнайы алдырған.

Сәрсенбі, 23 Ақпан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар