Яндекс Такси компаниясы жауапқа тартылды. Бәсекелестікті қорғау агенттігі оған айыппұл салды. Елімізде енді такси бағасы да қымбаттайтын сияқты. Бұған доллардың өсуі ғана емес қытайлық, «DiDi» компаниясының наурыз айынан бастап Қазақстанда жұмысын тоқтатуы да себеп. Ал ақпарат беруден бас тартқан Яндекстің мәселесі қазір сотта қаралып жатыр. Таксопарктердің тірлігін әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай баяндайды.
Сыртқы істер министрлігі Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялауды шұғыл бастап кетті. Украинаның әуе кеңістігі жабық болғандықтан отандастарымыз елге қалай жеткізіледі? Киевке билет алып қойғандар не істейді? Әріптесіміз Айбек Қосан айтады.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кейбір валюта айырбастау пункттерінде доллар сатылуы тоқтады. Ал, Ұлттық банк теңгені «құтқарып қалу» үшін бүгін 104 млн доллар жұмсады. Сондықтан нарықта баға құбылып тұр. Сарапшылар халықты дүрлікпеуге шақырды. Себебі, ертең теңге нығая түссе ақша саудасына белсене кіріскендер ұтылып қалуы мүмкін.
Четверг, 24 февраля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.