Украинада соғыстың бірінші күні 137 адам мерт болды. Олардың ішінде сарбаздар мен бейбіт тұрғындар да бар. 300-ден астам адам жараланған. Ал Ұлыбританияның қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Ресей 450-дей сарбазынан айрылған.
Украинадан Қазақстанға алғашқы рейс келеді. Елшіліктің хабарлауынша, ел азаматтары Киевтен Польшаға 15 көлікпен аттанған. Ал, Сыртқы істер министрлігі отандастарымыздың оралуына түк қатысымыз жоқ, бұл ақапаратты растай алмаймыз — дейді. Польшаға жеткен Қазақстандықтар Air Astana ұшағымен бүгін түнде Атырауға ұшып келеді.
Ресейге салынатын санкциялардың саны күн санап артып барады.Бұл көрші мемлекетпен бір экономикалық одақта тұрған Қазақстанға ауыр соққы болуы мүмкін. Қазақстанда азық-түліктен бастап, тауарлардың едәуір бөлігі қымбаттайды деген қаншалықты рас? Әріптесіміз Айбек Қосан айтады.
Пятница, 25 февраля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.