AIBAT қорытынды жаңалықтар | 01.03.2022

Украина мен Ресейдің кеше 5 сағатқа созылған келіссөзі нақты нәтиже бермеді. Алда қос тараптың қатысуымен тағы жиын өткізу жоспарланған. Қақтығыстар болса жалғасып жатыр. Ресейлік танкілер мен әскери техникадан тұратын 60 шақырымдық колонна Киевке қарай жылжып келеді.

Nur Otan партиясының атауы Amanat болып өзгерді. Президент, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде саяси ұйым атауының өзгеруін қолдады.

Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуде араағайын болуға дайын.  Екі ел арасында соғыс басталғалы алғаш рет пікір білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз тарабынан көмектесуге әзір деді. Екі мемлекетті келіссөз арқылы тіл табысуға, келісімге келуге шақырамыз деп мәлімдеді.

Сейсенбі, 01 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар