AIBAT қорытынды жаңалықтар | 02.03.2022

Қаңтар қақтығысы кезінде өртеніп, қирап қалған Алматыдағы Президент резиденциясы сүрілетін болды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Ресейге салынған санкциялардың саны күн санап артқан сайын, көрші елдің азаматтары қазақстандық атанып, көк паспорт алудың амал-әрекетін іздей бастады. Осылай деген Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов, қос азаматтығы бар тұрғындардың саны көбейіп кетпей ме деген мәселені Парламентте көтерді.

Ресей мен Украина делегациясы арасындағы бүгінге жоспарланған келіссөздердің екінші раунды өтпейтін болды. Қақтығыстар болса жалғасуда. Киев маңы, Харьков, Мариуполь үшін кескілескен шайқастар жүріп жатыр. Ресми Киев 5800-ден астам ресейлік сарбаздың мерт болғанын мәлімдеді. Әріптесіміз Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Сәрсенбі, 02 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар