Енді елге Украинадағы Қазақстан азаматтары ғана емес, сол жақтағы этникалық қазақтар да орала алады. Премьер -министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді. Ералы Тоғжанов Украинада тұратын қандастарымыздың саны он мыңға жуық болуы мүмкін – дейді. Ал ата жұртқа оралуға ниетті қазақтарды елге жеткізу жұмыстарын елшілік жүзеге асырады. Бірақ, бұл қалай болатыны әзірге белгісіз. Консулдық өтініш қабылдауды бүгіннен бастады.
Пятница, 04 марта 2022, 20:53
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.