Украинадан Қазақстан азаматтары ғана емес, этникалық қазақтар да орала алады

Енді елге Украинадағы Қазақстан азаматтары ғана емес, сол жақтағы этникалық қазақтар да орала алады. Премьер -министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді. Ералы Тоғжанов Украинада тұратын қандастарымыздың саны он мыңға жуық болуы мүмкін – дейді.  Ал ата жұртқа оралуға ниетті қазақтарды елге жеткізу жұмыстарын елшілік жүзеге асырады. Бірақ, бұл қалай болатыны әзірге белгісіз. Консулдық өтініш қабылдауды бүгіннен бастады.

Жұма, 04 Наурыз 2022, 20:53

Соңғы шығарылымдар