AIBAT қорытынды жаңалықтар | 04.03.2022

Елорда мен Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 515 теңгеден сатылып жатыр. Ал сатып алу құны 509 теңге. Алайда, кейбір өңірлерде АҚШ валютасын сатуды уақытша тоқтатқан.

Украина билігі Ресей әскерінің Запорожье қаласындағы атом электр станциясын басып алғанын хабарлады. Оған дейін ресейлік танкілер нысанды атқылап, ғимаратта өрт шыққан. Батыс елдері Мәскеудің бұл әрекеттерін қатаң сынап жатыр. Соғыс жағдайында атом электр станциялары шабуылдардан қорғалған ба? Жансая Қапасқызының материалында.

Қазақстанда вирус жұқтырушылар саны күрт төмендеді. Қаңтар айында ғана елімізде антирекорд орнап, күніне 16 мың адам дейін ауруға шалдыққан еді. Бүгінде 30 – 35 адамнан ғана вирус анықталуда.

Жұма, 04 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар