«Жаңа Қазақстан» депутаттары Күштік Құрылымдардың басшыларынан Қаңтар көтерілісінің шындығын талап етті. Мәжілісмендер екі ай өтсе де қоғам қасіретті оқиғаның ақиқатын неге білмейді деп сұрады. AMANAT партиясының 25 депутаты қол қойған сауал су жаңа бас прокурор Берік Асыловтың атына жолданды.
Ресейге салынған санкциялардың кесірінен елімізде ет бағасы қымбаттауы мүмкін. Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыровтың сөзінше, нарықтағы баға биыл 1000 теңгеге бір ақ өседі.
Украинадағы соғыстың 14-ші күні. Алдағы 4 күн ішінде Ресей әскері Киевке басып кіруі мүмкін деген болжам бар. Себебі ел астанасы маңындағы шабуылдар күшейіп келеді. Ал бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздің талаптарын бұзды деп, қос тарап бір-бірін айыптап отыр. Әріптесіміз Жансая Қапасқызының материалында.
Среда, 09 марта 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.