AIBAT қорытынды жаңалықтар | 10.03.2022

Байқоңыр мектептерінің бірінде Украинадағы соғысты қолдау акциясы өтті. Қызылорда облысының білім басқармасы бұл ақпаратты растап отыр. Кешелі бері желіде Ресей   ұйымдастырған науқанға оқушылардың қатысқаны, ата-аналардан одан бейхабар екені туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда, әкімдік шараға қатысқандар арасында Қазақстан азаматтары бар ма, жоқ па айта алмаймыз дейді.

Мемлекетке опасыздық жасап, билікті күшпен басып алмақ болды деп айыпталған Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты тың деректер мәлім болды.

Елбасы Антальяға барды. Оны Түркия Президенті Реджеп тайып Ердоғанның өзі шақырыпты. Назарбаевтың сапарының сыры – ол дипломатиялық форумға қатысады екен. Мұны Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде хабарлап, Назарбаевтың Түркияға жеткен фотосын жариялады.

Бейсенбі, 10 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар