Шымкентте қаңтар қақтығысында ұрлық бабымен күдікке ілінген 4 жігіт сотталды. Оларға қаңтардағы дүрбелеңде сауда үйін тонаған деген айып тағылған. Қалада пәтер жалдап тұратын 4 жігіт жасаған істеріне енді қатты өкініп отыр.
Елімізде бидай мен нан бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Себебі, бұған дейін көптеген елді ұнмен қамтамасыз етіп келген Ресей Еуразиялық экономикалық одақтағы елдерге бұдан былай дәнді дақылдарды экспорттауды тоқтатпақ. Яғни, таяуда Беларусь, Армения, Қырғызстан және Қазақстанда бидай, арпа және жүгері секілді тауарлардың тапшылығы сезілейін деп тұр.
Ресей армиясы Украинаның шалғайда жатқан қалаларын да шабуылдады. Қарулы қақтығыстан бөлек, қос тарап бір-бірін химиялық және биологиялық қару қолдануды жоспарлап жатыр деп айыптауда. Ал Ресейге қарсы санкциялардың зардабын ресейліктермен қатар, сол жақта жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары да тартып жатыр. Толығырақ Жансая Қапасқызының материалында.
Пятница, 11 марта 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.