AIBAT қорытынды жаңалықтар | 14.03.2022

Жамбылда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жауынгердің табылмай отырғанына бүгін 12 күн. Жас сарбаз Ұлықбек Бердішовты іздеу жұмыстарына көңілі толмаған жақындары оны табуға иісшіл иттерді қосуын талап етіп отыр.  Ал баласын іздеп шарқ ұрған анасының даусы тау жарады.

Бүгін Украина мен Ресей арасында бейнебайланыс режимінде келіссөздердің төртінші раунды өтті. Сонымен қатар, Ресей Қытайдан әскери көмек сұратуына байланысты, АҚШ пен Қытай келіссөздер өткізеді. Бейжің мұндай өтінішті жоққа шығарғанымен, Вашингтон оған қарсы әрекет қолдануы мүмкін екенін ескертті.

Әлемдегі ең қымбат екпеге мұқтаж 3 жасар Нұртасқа «Қазақстан халқына» қоры көмектесе алмаймыз деп жауап қайтарыпты. Бұны қоғамдық ұйым өкілдері анасының ұялы телефонына хабарласып, жеткізген. Есесіне, құны шамамен бір миллиард теңгетұратын швейцариялық препаратты еліміздегі өзге 4 бүлдіршінге сатып әперу туралы шешім қабылданыпты. Біреуді бар, біреуді зар қылған дәріні «Қазақстан халқына» сонда кімдерге сатып әпере алады? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай біліп көрді.

Дүйсенбі, 14 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар