AIBAT қорытынды жаңалықтар | 15.03.2022

Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны шетке алып шығуға тыйым салынды. Қыркүйекке дейін Ресейден де дәл осы көлемде АҚШ валютасын шығара алмайды. Тоқаев тиісті жарлыққа қойса да, пысықайлар оны айналып өтудің жолын табуы мүмкін. Адвокаттар осылай дейді. Қаржы кеңістігіндегі дағдарыс қара нарыққа жол ашты. Оған тілшіміз көз жеткізді. Жалғас Зейнолла тарқатады.

Қанттан бастап, ұн, макарон, сүт өнімдеріне дейін баға 25 пайызға дейін өскен. Елордалық сатушылар қымбатшылықтан базарға келушілер азайды дейді. Нарықтағы бағаны Айя Мүтәлі бағамдап көрді.

Түркіменстанда жаңа президент. Енді мемлекетті биліктен кетіп бара жатқан президент Гурбангулы Бердымухамедовтың ұлы – Сердар Бердымухамедов басқарады.

Сейсенбі, 15 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар