AIBAT қорытынды жаңалықтар | 16.03.2022

Еліміздегі сайлаулар енді өзгеше тәртіппен өтеді. Қазақстан аралас сайлау жүйесіне көшуге дайын. Егер, бүгін Президент жолдауында айтқан ұсыныстар орындалса, не өзгереді? Аралас сайлау жүйесі дегеніміз не? Әріптесміз Жалғас Зейнолла жеткізеді.

Қазақстан картасында тағы 3 облыс пайда болады. Президент Тоқаев бүгінгі жолдауында Семей аймағынан Абай облысын құрылатынын мәлімдеді. Ал Қарағандыдан Жезқазған бөлініп шығып, Ұлытау облысы пайда болады. Сондай-ақ, Алматы өңірі де екіге бөлінеді. Президент «халық Қапшағай қаласына Дінмұхаммед Қонаев атын беруді ұсынса» қолдайтынын да жеткізді.

АҚШ Сенаты Ресей президенті Владимир Путинді әскери қылмыскер деп айыптайтын резолюцияны бірауыздан қабылдады. Америкалық сенаторлар ол Украинаға  жасаған әрекеттері үшін жауап береді деп отыр.

Сәрсенбі, 16 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар