AIBAT қорытынды жаңалықтар | 17.03.2022

Біржолғы зейнетақы төлемінің шекті соммасы екі есе өсетініне екі апта уақыт қалғанда enpf-otbasy.kz платформасы уақытша істен шықты. Жинағы жетіп тұрғандар екі күннен бері сайтқа өтініш тастай алмай отыр. Жұрт енді шоттағы ақшасын уақытылы шығарып алам бадеп алаңдайды.

Сәуір айының соңынан бастап жеңілдетілген автонесие іске қосылатын болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазір бағдарлама дайындап жатыр.

Ат қора ма әлде мектеп пе? Жамбыл облысында білім ордасы деп айтуға келмейтін лашықта  балалар оқып жатыр. Мектептің әр сыныбын пеш жағып жылытады. Көмір бықсып, қызғанша балалар ысқа тұншығуға мәжбүр. Жаңа Қазақстанның ескі мектебін Данияр Әлімқұл көріп қайтты.

Украинаның қоршауға алынған Мариуполь қаласында драма театрына жасалған авиасоққыдан мыңнан астам әйел мен бала үйінді астында қалды. Олар ғимаратта бомбадан жасырынып отырған.

Бейсенбі, 17 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар