AIBAT қорытынды жаңалықтар | 18.03.2022

Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары шілде айында құрылуы мүмкін. Жаз ортасынан кейін ғана өңірлер бөлініп, әкімдері тағайындалады.

Қазақстанда бесінші қант зауыты салынады. Шекердің төңірегінде шиеленіскен мәселені Ауыл шаруашылығы министрі осылай шешпек. Алқаптағы қант қызылшасы егілетін жерді ұлғайтып, шаруаларға берілетін жеңілдетілген кредитті көбейтеміз дейді. Бұл нарықты шырғалаңға айналдырған жағдайды реттей ала ма, Жалғас Зейнолла білді.

Украинадағы қақтығыстарда 14 мыңнан аса ресейлік сарбаз мерт болды. Бұл туралы Украинаның қорғаныс министрлігі хабарлады. Дегенмен Мәскеу қайтыс болғандардың нақты санын айтпай отыр. Соғыстың 23-күні елдің батысындағы елді мекендерге де шабуыл жасалып жатыр. Әріптесіміз Жансая Қапасқызы толығырық тарқатады.

Жұма, 18 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар