AIBAT қорытынды жаңалықтар | 24.03.2022

Қазақстанға Ресейден заңсыз ұн әкелініп жатыр. Енді нарықта сапасы тексерілмеген өнім қаптап кетуі мүмкін.Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қалай әсер етеді? Бұл туралы әріптесіміз Айбек Қосан біліп көрді.

Бүгін Украинадағы соғыстың басталғанына тура бір ай. Қақтығыстар жалғасып, таңертең Ресей күштері Харьков облысындағы Изюм қаласын басып алғанын мәлімдеді. Алайда Украина тарабы қала үшін шайқас әлі жүріп жатыр дейді. Қоршауда қалған Мариупольде жағдай аса қиын. Қалада не су, не жарық, азық-түлік те жоқ.

Алты баланың анасы Кәрима Хайдарова темір торда екі жарым ай отырып шықты. Енді ғана үйіне оралған ол тергеуде көрген қорлықтарын айтып берді. Шеруге көпбалалы аналардың жанайқайын айтам деп шыққан Кәрима Хайдарова қаңтарда қамалып, тек наурызда босатылған. Көп балалы ана үстінен қозғалған іске келіспейді. Сөзінше өзіне тағылған айып қып-қызыл жала.

Бейсенбі, 24 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар