Ақмола облысында 1500 адамнан тұратын ауыл ауыз сусыз отыр

Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Макинка ауылы екі күннен бері ауыз сусыз қаңсып отыр. Себебі, елдімекенді сумен қамтыған мұнара қатты бораннан құлап қалған. Енді мың жарымға жуық ауыл халқы тіршілік нәрін құдықтан тасып ішіп отыр. Әкімдік 15 метрлік мұнара қатты желден құлады – дейді. Ал, тұрғындар болса, су тарататын қондырғы әбден ескірген деген пайымда.

Жұма, 25 Наурыз 2022, 19:47

Соңғы шығарылымдар