Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Макинка ауылы екі күннен бері ауыз сусыз қаңсып отыр. Себебі, елдімекенді сумен қамтыған мұнара қатты бораннан құлап қалған. Енді мың жарымға жуық ауыл халқы тіршілік нәрін құдықтан тасып ішіп отыр. Әкімдік 15 метрлік мұнара қатты желден құлады — дейді. Ал, тұрғындар болса, су тарататын қондырғы әбден ескірген деген пайымда.
«Тергеу ісі созбалаңға салынды» — Жамбылда тир мылтығынан бақилық болған 14 жастағы баланың туыстары қылмыстық істі қайта қарауын талап етіп отыр. Олар полицияның «абайсызда өзін атып алды» дегенімен келіспейді. Әріптесіміз Данияр Әлімқұл тараптарды тыңдады.
Көлік бағасы күннен күнге аспандап барады. Теңгенің құнсыздануынан темір тұлпардың кейбірі 4-5 млн теңгеге дейін қымбаттаған. Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де баға 25 пайызға дейін өсіпті.
Пандемия аяқталды ма? Әлемнің көптеген елінде карантин талаптары жеңілдетіліп, қоғамдық орындарда маска тақпауға рұқсат етіліп жатыр. Себебі ресми статистика дүние жүзін дендеген дерттің таралуы бәсеңдей бастады дейді. 2 жыл ішінде шектеу шараларымен өмір сүруге дағдыланып қалған халық бұл жаңалықты қалай қабылдауда. Әріптесіміз Жансая Қапасқызы анықтап көрді
Пятница, 25 марта 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.