AIBAT қорытынды жаңалықтар | 30.03.2022

Наурыз айының соңғы күндері Нұр-Сұлтанда соққан ақтүтек боран елді әбден әбігерге салды. Қазір астанадан барлық бағыт бойынша тас жолдар жабық. Мың жарымға жуық техника жолда қалып, 814 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның 101 кішкентай бала. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде жедел штаб құрылды. Нұр-Сұлтандағы қарлы боран әлі де тоқтаған жоқ.

Зейнетақы қорындағы артық ақшаны алуға бір күн ғана уақыт қалды. Ертеңнен бастап шотта қалатын ақшасы бұрынғыдан екі есе көптердің ғана өтініші қабылдана бастайды. Қордағы қаржының игілігін кім көріп үлгерді? Қанша адам баспана алып, қаншасы емделді? Айя Мүтәлі анықтап көрді.

«Жамбылдағы жарылыстар қайта жалғасатын болды». Осылай деген билік өкілдері мен әскерилердің әрекетіне Байзақ тұрғындары наразы. Олар жарылыстарды тоқтатуын талап етіп отыр. Айтуларынша, көктемгі малдың төлдеуі кезінде жарылыстар жайылымға баруларын шектейді деп шағымдануда. Данияр Әлімқұл қожалық иелерімен тілдесті.

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар