Ауғанстанда енді сақал өсірмеген мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа кіргізілмейді

Биліктегі «Талибан» қозғалысы осындай тыйым салды.  Бұған қоса, ер адамдар ұзын жейде, кең шалбар, дәстүрлі бас киіммен жүрулері тиіс. Уақытында намаз оқуды да ұмытпау керек. Әйтпесе жұмыстан босатылуы мүмкін. Бұған дейін тәліптер ерлер мен әйелдерге саябаққа екі бөлек бару күндерін енгізіп, әйелдерге ер адамсыз ұшаққа отыруға тыйым салған еді. Және де осы айда жоғары сыныптағы оқушы қыздарға арналған мектептер жабылды.

Четверг, 31 марта 2022, 19:44

Соңғы шығарылымдар