AIBAT қорытынды жаңалықтар | 31.03.2022

Елімізде пәтер бағасы  60 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін.  Осылай деген құрылыс компаниялары өкілдері мәселеге Үкімет араласуын талап етіп отыр.

Теңге тапшы. Доллардың құны құлдырап еді, өңірлерде теңгеге сұраныс артты. Көк қағаз көтерілгенде пайда табамын дегендер, енді жаппай қайта сатуда. Салдарынан Қарағандыда соңғы 3 күнде халық валюта айырбастау пунктерінде ұлттық валюта таба алмай әлек. Бұл қашанға дейін созылады?

Елордада кәсіпкер сауда жасап отырған дүкеніне кіре алмай қалды. Себебі, дүңгіршек орналасқан Көк базар иелері қарызды төлемедің деп есікке мөр басып, жауып кеткен. Ал, саудагер келісім-шарттан бөлек қыруар қаражатты қолма-қол беріп келдік, бұған қарсымыз дейді.

Бейсенбі, 31 Наурыз 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар