Наурыз айында теңгенің бағамын қолдан ұстап тұру үшін бір миллиард доллардан астам қаражат жұмсалған. Ұлттық валютамыз құнсызданып кетпес үшін Ұлттық банк нарыққа араласып, интервенция жүргізген. Сонымен наурызда бұл шараға 990,5 миллион АҚШ доллар жұмсалған. Бұдан бөлек, ұлттық қордан республикалық бюджетке аударымды қамтамасыз ету үшін 890,9 миллион АҚШ доллары тағы сатылған. Жалпы есепке алғанда, теңге құлдырап кетпеуі үшін 1 миллиард 881 миллион доллар жұмсалды.
Пятница, 01 апреля 2022, 19:29
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.