AIBAT қорытынды жаңалықтар | 01.04.2022

Шымкентте «Қаңтар оқиғасына» қатысты деп қамалғандардың жақындары дәл прокуратура аштық жариялады. Бұған дейін бірнеше рет наразылық білдірген топ жанайқайымызды осылай жеткізуден басқа амал қалған жоқ дейді.

Әлем елдері ресейлік жоғарғы оқу орындарының дипломдарын жарамсыз деп тауып жатыр. Ал Қазақстан болса, «Болашақ» бағдарламасына ресейлік білім ордаларын қосуда. Көрші елде оқыған отандастарымыз ТМД-да ғана жұмыс істей ала ма? Министр не дейді, сарапшылардың ойы қандай? Жалғас Зейнолла айтып бермек.

Бүгін Ресей мен Украина тарабы бейнебайланыс арқылы келіссөздерді жалғастырды. Соңғы деректер бойынша, Ресей әскері Чернобыль атом электр станциясы мен Славутич қаласынан кетті. Алайда Украина билігі Мәскеу жаңа шабуылға дайындалып жатыр дейді. Қоршауда қалған Мариупольде гуманитарлық жағдай күннен күнге ушығып барады.

Пятница, 01 апреля 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар