AIBAT қорытынды жаңалықтар | 04.04.2022

Украинаның Буча қаласында бейбіт тұрғындардың азаптап өлтірілуі әлем елдерін дүр сілкіндірді. Киев жаға ұстатарлық жағдайға Ресей сарбаздарын айыптап отыр. Халықаралық қауымдастықтар, жекелеген мемлекеттер бірауыздан бұл әрекетті жауапсыз қалдыруға болмайды деп, тергеу жүргізуді талап етуде. Әріптесіміз Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Батыс Қазақстан облысын топан су басып, үш ауданында төтенше жағдай жарияланды. Салдарынан өңірде жүзге жуық мал қырылып, сегіз жүзге тарта адам үйлерін тастап, мектептерді паналауға мәжбүр.  Бүгінде апаттың беті қайтқанымен, қараша қайтып оралар жеріміз қалмады, баспанамыз құлаудың аз-ақ алдында тұр деп жыларман.

Елде маза, дәріханада дәрі жоқ. Екі жылда екінші рет тапшылық байқалуда. Алғашында карантиннің салдарынан қарапайым парацетамол табылмай қалған. Ендігі себеп Ресейге салынған санкциялар. Тұрғындар аса қажетті препараттарды бір айдан бері дәріханалардан таппай сенделіп жүр.  

Дүйсенбі, 04 Сәуір 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар