Қазақстан әлемде алкоголь өнімдерін ең көп тұтынатын 10 елдің қатарына енген. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, ащы суға, әсіресе, ер адамдар әуес. Олардың әрқайсысы жылына кемі 25 литрден тұтынады. Соның кесірінен елде жол апаты, зорлық-зомбылық, суға бату, адам өлтіру оқиғалары жиілеген. Қазақстан «ішкіш» елдер ондығында болғанымен қоймай, темекі тартудан да алдыңғы қатарда. Министр Ажар Ғиният қазіргі жасөспірімдердің электронды шылымға әуес екенін айтты.
Вторник, 05 апреля 2022, 20:02
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.