AIBAT қорытынды жаңалықтар | 05.04.2022

Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қоянды ауылын су басты. Үйлердің ауласындағы еріген қар суы тізеден асады. Халықтың далаға шығуы қиындап, балалар мектепке жаяу бара алмай жатыр.

Алматыда дәрігердің өлімінен кейін Денсаулық сақтау министрлігі ақ халаттылардың құқығын қорғайтын заң жобасын шұғыл түрде әзірледі. Бұл заң қабылданған жағдайда дәрігерлердің құқығы қорғалып, ал науқастардың құқығы аяқасты болмай ма? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай анықтап көрді.

Украина билігі Мәскеудің Буча қаласындағы құрбандар туралы бейнежазбалар жалған деген мәлімдемесіне түбегейлі қарсы. Осыған байланысты ел президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне қатысады. The New York Times баспасы азаптау фактілерінің болғанын растайтын спутниктен түсірілген суреттерді жариялады.

Вторник, 05 апреля 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар