AIBAT қорытынды жаңалықтар | 06.04.2022

Халықтың тұрмыстық жағдайы өте нашар. Депутаттар қымбатшылықтың кесірінен елде кедейшілік қамытын кигендер көбейгенін айтады. Ал тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтереміз деп Мәжіліске есеп берген бір топ министрлердің «тындырымды жұмысы жоқ» деп сынға алды. Айя Мүтәлі тарқатады.

Украинада бейбіт тұрғындардың азаптап өлтірілуі Бучамен шектелмейді. Осылай деген Украина билігі Гостомель қаласында 400-дей адамның жоғалғанын хабарлады. Сондай-ақ, Киев Ресей армиясы Донбассқа жаңа соққы жасауға дайындалып жатыр дейді. Жансая Қапасқызы толығырақ тарқатады.

Алдағы уақытта күнделікті дүкеннен алып жүрген сүт пен сүт өнімдерінің де бағасы көтерілуі мүмкін. Өндірушілер мен сатушылар бұған сол Ресей мен Украина арасындағы соғыс әсер етті дейді. Басқасын былай қойғанда, сүт өндіру үшін де көршіге тәуелдіміз бе? Әріптесіміз Айбек Қосан біліп көрді.

Среда, 06 апреля 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар