Украинаның шығысы жаңа қақтығыстарға дайындалып жатыр. Батыс сарапшыларының мәлімдеуінше, Кремль «Донбассты азат ету операциясы» деп атайтын жоспарын шамамен бір аптадан кейін іске асырады.
Әкімдіктен көңілі қалған тараздық тұрғындар жол жөндеуге өздері кірісті. 10 жылдан бері көшелерін жөндеп беруді сұраған ел енді «қала билігінен қайыр болмайтынын ұқтық» деп отыр. Қолдарына кетпен-күрек ұстап, таспен құм тасыған тұрғындардың жұмысын Данияр Әлімқұл көріп қайтты.
Бүгін үш облыстың әкімі ауысты. Атырау облысының әкімі болып Серік Шәпкенов тағайындалды. Жамбыл облысының басшылығына осы уақытқа дейін Сапарбаевтың орынбасары болған Нұржан Нұржігітов келді. Ал, Бердібек Сапарбаев жұмыссыз қалғанымен, туған інісінің бағы жанып, Қызылорда облысына әкім болып барды. Ескі кадрлармен «Жаңа Қазақстан» құра аламыз ба? Жаңа тағайындалған басшылар кімдер? Әріптесіміз Айбек Қосан біліп көрді.
Четверг, 07 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.