Алматыдағы Президент Резиденциясын бұзуға бюджеттен 13 млн доллар, яғни 6 млрд теңге жұмсалатын болды. Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева солай деді. Қаңтар қақтығысында наразы топтар басып алып, өртеген резиденция Алматыдағы Назарбаев көшесінің бойында орналасқан. Бір кездегі Елбасының орталығы ретінде республикалық маңызы бар ескерткіштер тізімінен алынып, наурызда ғимаратты бұзу туралы шешім шығарылған.
Кентау қаласындағы апатты үйдің тұрғындары биліктен араша сұрайды. Айтуларынша, өткен ғасырда салынған екі қабатты үйдің іргесі сөгіліп, құлауға жақын тұр. Баспананы билік апатты деп танығанымен, тұрғындарға көмектесуге ешкім асығар емес.
Украинаның Краматорск қаласындағы теміржол вокзалы ракеталық атқылауға ұшырап, салдарынан 30-дан астам адам мерт болды. 100 шақтысы жараланған. Киевтің мәлімдеуінше, елдің шығысына бағытталған Ресей күштері өңірдегі қалаларды шабуылдап жатыр. Толығырақ Жансая Қапасқызы баяндап береді.
Пятница, 08 апреля 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.